Микразим / Бұл қызық / Ферменттер тарихы. Ферменттік дәрі-дәрмек буыны.

Ферменттер тарихы. Ферменттік дәрі-дәрмек буыны.

Ферменттер және алхимия?

«Ферментация» сөзінің бастауы ғасырлар қойнауына кетеді. Орта ғасырларда осы сөзбен шараптың ашуына немесе қамырды ашытуға ұқсас, кез келген «сиқырлы» процестерді белгілеген. Алхимиктер осы сиқырлы «ферменттерді» іздеген, сол кездегі сенім бойынша «ферменттер» адамның араласуынсыз химиялық процестерді іске қоса алады. Алайда ферменттер туралы нақты білім үзінділер мен және фрагменттер бойынша қалыптасты.

Ферменттердің тарихы

17-ғасырдың ортасында голланд ғалымы, анатом және химик Франциск Сильвий, адамның ұйқы безі, кейін аспен араласатын ерекше сөл бөлетіндігін дәлелдей алды. Осылайша адам организмінде ферменттердің мәні мен ролін түсінуге апаратын ұзақ жол бастау алды.  19-ғасыр жаңалық ашуға аса дарқан болды:

  • Луи Пастер, шараптың ашу процесін зерттей отырып, ашытқыдағы әлдебір «тіршілік күші» ашу процесінің себебі болып табылады дене тұжырым жасады.
  • Асқазан сөлі (панкреатитті сөл) сілті реакциясына ие және көп ақуызды қамтитындығын дәлелденген болатын.
  • Сілекейге қарағанда, асқазан сөлі көмірсулар сияқты, майы бар ақуызды да жарады деген гипотеза шығарылды. Әсіресе ол жару аса күрделі майларға қатысты аса маңызды. Стеаторея(майларды сіңірілмеу) – ұйқы безі ауруының тікелей белгілері деген тұжырым жасалған болатын. Себебі бұл органсыз организмге майларды сіңіру мүмкін емес. Клод Бернард асқазан сөлінен дербес ас қорыту субстанциясын айыра алды және оны панкреатин деп атады.
  • Э. Бухнер клеткадан тыс ферментацияны ашты, ол үшін Нобель сыйлығымен марапатталды.
  • Алғашқы рет жоғары тазаланған кристалды фермент (уреза) бөлінген болатын. Кейінгі он жылдық ішінде тағы бірнеше ферменттер бөлінген болатын.
  • Бұзаудың ұйқы безінен жасалған экстракт алғашқы рет қант диабетін емдеу үшін қолданылған болатын. Емдеу нәтижесінде пациентте едәуір майлар және ақуыз жақсы сіңіріле бастады.
  • Александр Яковлевич Данилевский, жалғыз-бір панкреатин ферменті майларды, ақуызды, және көмірсуларды жара алмайды деп болжады. Ал панкреатин сөлі барлық үш құраушыны да жарады. Үш әр түрлі ферменттің болуы туралы болжам жасалған болатын.
  • Панкреатиттің көмегімен асқазан асты ауруларын алғаш рет сәтті емдеу туралы мәлімет пайда болды.
  • Міне ақырында дәрімен бірінші ферментті дәрі-дәрмекті өндіруге бірінші патент алынған болатын.

Ферменттер буыны

​19-ғасырдың аяғында, асқазанда панкреатин өзінің белсенділігін айтарлықтай жоғалтатыны байқалған болатын, себебі ферменттер асқазан сөлін бұзады. Оны болдырмау үшін, панкреатинды  Pankreon деп атап, таниннен жасалған арнайы қабыршақта өндіру бастады. Уақыт өте келе, қабыршақ жетілдірілді, оның ішектерде еруі үшін аса тұрақты етіп жасалды – осылайша ферменттердің екінші буыны пайда болды.

Уақыт өте келе, дәрі-дәрмек бөлшегінің мөлшері үлкен роль атқаратындығы дәлелденген болатын. Кіші мөлшер ферментті дәрі-дәрмекке үкпе аспен бірге асқазаннан ұлтабарға жылдам түсуге мүмкіндік беретін еді. Өйткені, химуспен (асқазан сөлімен араласқан, үкпе ас) бірге асқазаннан одан әрі ішектерге тек диаметрі 1,5 мм аспайтын бөлшектер «лып ете» алады. Бұдан басқа, түйіршіктер ұсақ болған сайын, оның құрамындағы ферменттер ішектерде аса жылдам белсенді болуы тиіс.    1963 ж. ферментті дәрі-дәрмектер тағы жетілдірілген болатын, таблетканың орнына қабыршағы жоқ түйіршіктер өндіріле бастады.

Осылайша біртіндеп ферменттердің үшінші буыны «өсті». 1983 жылы микросфераны капсулаға алды (ферменттерді асқазан сөлінен қорғау үшін).

Алайда, әзірлемелер бір орында тұрмады. Диаметрі 1,0-1,2 мм минимикросфералар диаметрі 1,9-2,0 мм микросферадан ширектік тиімді екені анықталған болатын. Мысалы, 1993 жылы минимикросфера түрінде панкреатин өндірісіне патент алынған болатын (ферменттік дәрі-дәрмектердің төртінші буыны). Минимикросфералардың диаметрі шамамен 1,2 мм –және осы мөлшер дәрі-дәрмектің аса тиімділігі үшін іс жүзінде мінсіз болды. Дәл осы ферменттік дәрі-дәрмектер бүгінгі күні оңтайлы болып саналады. Және дәл осы технология Микразим дәрі-дәрмегі өндірісінде қолданылады.  

ПЕРЕД НАЗНАЧЕНИЕМ И ПРИМЕНЕНИЕМ ВНИМАТЕЛЬНО ПРОЧИТАЙТЕ ИНСТРУКЦИЮ ПО МЕДИЦИНСКОМУ ПРИМЕНЕНИЮ
Aқпаратпен таныстым, жасыру