Микразим® - капсулалардағы панкреатин микротүйіршіктері. Препараттың құрамына жануарлардың ұйқы безінің табиғи ферменттері- ақуыздардың, майлар мен тамақ көмірсуларының қорытылуын қамтамасыз ететін протеаза, липаза мен амилаза кіреді.
Микразим® қабылдаудан кейін капсула ішекте еритін қабықшамен жабылған панкреатин микротүйіршіктерін босатып, асқазанда тез ериді. Кіші өлшемінің арқасында, микротүйіршіктер тамақпен тез әрі біркелкі араласады және тамақ кесегімен бір уақытта ұлтабарға, сосын аш ішекке жеңіл өтіп, онда панкреаттік ферменттер босатылып шығады және ақуыздардың, майлар мен тамақ көмірсуларының тез және толық қорытылуына жағдай жасап, белсенді әрекет ете бастайды.


Микротүйіршіктер - препараттың инновациялық түрі
Микразим микротүйіршіктері, өзінің өлшемінің арқасында, тік ішекке тез түседі және бір сәтте әрекет ете бастайды – ал таблеткадағы препараттар бұл кезде әлі таралады.


Қатты желатин капсулалары. Қоңыр қақпағы бар мөлдір корпус.
Капсулалардың ішіндегісі – ақшыл- қоңырдан қоңыр түске дейін, өзіне тән иісі бар, цилиндр немесе шар тәрізді пішінді пеллеттер.

Қатты желатин капсулалары. Қара- қызғылт сары қақпағы бар мөлдір корпус. Капсулалардың ішіндегісі – ақшыл- қоңырдан қоңыр түске дейін, өзіне тән иісі бар, цилиндр немесе шар тәрізді пеллеттер.

Қазіргі уақытта генетикалық материалдағы түрлі бұзылулардан туындаған тұқым қуалайтын аурулар барған сайын маңызды болып келеді. Бұл негізінен аутосомалық (жыныстық емес) хромосомалардағы рецессивтік мутациялардың популяцияда жинақталуына байланысты. Осындай аурулардың бірі муковисцидоз (mucoviscidosis) болып табылады...
02 Қазан.2017 / Оқу

Панкреатитпен ауыратын адамдар үшін күнделікті тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың мәні зор. Себебі, мұндай ауру кезінде ұйқы безі зақымдалады. Ол ас қорыту жүйесі ағзаларына қатысы бар және аш ішек саңылауында әсер ететін ферменттер кешені секрециясына жауап береді. Сондықтан, осы ағзаның қабынуы негізгі қоректік заттарды (нутриенттерді) қорытудың бұзылуымен және қосалқы ішек бұзылыстарының дамуымен жалғасады, бұл кейбір тағамдық шектеулердің сақталуын қажет етеді...
25 Қазан.2017 / Оқу