Айналамызда қызықтар өте көп!. Ал кейде біздің осы әлсіздіктеріміз жағымсыз жайтқа соқтырады және ішіміздегі жайсыздықпен аяқталады! Микразим мұндай жағдайларда сіздің асқазаныңызға жеңуге, ал Сізге жақсы көңіл- күйде болуға көмектеседі!
Біздің ағзамыздың қалыпты жұмыс істеуін қолдау аса маңызды қорек заттарын - ақуыздар, майлар мен көмірсулар алу мен игеруге тікелей байланысты.
Неліктен қажет? Біздің ағзамыз үшін құрылыс материалы – тіндер, дене жасушалары мен органдары, сондай-ақ гормондардың, ферменттер мен антителалардың негізі.
Қайда болады? Ет, балық, жұмыртқа, сүзбе, ірімшіктер, бұршақ тұқымдастар.
Қажетті фермент: ПРОТЕАЗА
Неліктен қажет? Майлар –энергия көзі, олар тәбетті төмендетіп, тою сезімін қамтамасыз етеді. Айырбас процестеріне, гормондар түзуге қатысады, глюкоза деңгейін реттеуге, дәрумендерді игеруге көмектеседі, ми мен жүйке жүйесін қоректендіреді.
Қайда болады? Сары май және өсімдік майы, майлы сүт өнімдері, жаңғақтар, майлы балық, авокадо
Қажетті фермент: ЛИПАЗА
Неліктен қажет? Көмірсулар – ағзаға энергия түсуінің негізгі көзі және бас миына қажет «тағам». Ферменттердің, қышқылдар мен иммуноглобулиндердің құрамына кіреді. Әсіресе өз рационыңа күрделі көмірсуларды кіргізу маңызды.
Қайда болады? Көкөністер, жемістер, дәнділер, жармалар, нан, тәттілер, бал.
Қажетті фермент: АМИЛАЗА
Тағам – энергиямен толықтыру тәсілі ғана емес. Тамақ үстінде біз сөйлесеміз, демаламыз және дәмдік сезімдердің алуандығымен рахаттанамыз. Тамақ – адамзатқа белгілі рахат алудың ең ежелгі құралдарының бірі. Бүгінгі көз қызықтырғыштардың молдығы кезінде кейде біздің артық тамақ ішіп қоятынымыз ғажап емес.
Асқазанымыз толып тұрса да аздап дәмді нәрсе жегіміз келетін кезде, біздің әрқайсысымыздың қосымша «тәттіге арналған асқазанымыз» бар деп әзілдейтініміз белгілі. Бірақ біз уақытты жағымды өткізіп, дәмді және көп тамақтанып алғаннан кейін іс жүзінде не болады?
![]() |
Пилори сфинктері | ||
![]() |
Өт | ||
![]() |
Ұйқы безінің сөлі | ||
![]() |
Химус |
Кәдімгі таблетка өзінің көлемінің салдарынан тамақтың артынан үлгермей қалады. Таблетка толықтай еріп және ферменттері толық күшпен әрекет ететін жерге түсуі үшін уақыт қажет. Ішіміздегі жағымсыз сезімдер мен жайсыздыққа шыдаудың не қажеті бар?
Микразим капсуласы микротүйіршіктерді босатып, асқазанда бір сәтте ериді. Шағын түйіршіктер тамақпен бір уақытта ішекке жеңіл өтіп, ас қорыту мен сіңіруге кәдімгі таблеткалардан анағұрлым тезірек және тиімдірек көмектеседі.